
Орталық және шеткі жүйке жүйесі ауруларының себептерін, даму механизмдерін және емдеу әдістерін зерттейтін медицина бөлімі. Топикалық және клиникалық неврология ажыратылады. Топикалық неврология кешенді тексеру негізінде бұзылыс ошақтары мен таралуын анықтайды. Бұл балалар неврологиясында кең қолданылатын дедуктивтік әдіс. Балалар неврологиясының ересектерден айырмашылығы бар: көптеген неврологиялық аурулар балалық шақта басталады. Клиникалық неврология жүйке жүйесі ауруларын диагностикалаумен және емдеумен айналысады.
Бас пен мойын тамырларын зерттеу
Бас пен мойын тамырларының УДДГ (соқыр әдіс)
Бас пен мойын тамырларының УДДГ (соқыр әдіс) — әртүрлі ауруларды зерттеудің тиімді тәсілі. Жарты сағатта жасалады: дәрігер шағымның себебін анықтап, тиімді ем тағайындайды. Бас тамырларының УДДГ тамыр бұзылыстарын және тромбтар туғызған өзгерістерді ерте анықтауға, бас пен мойынның негізгі артерияларындағы қан ағымының жылдамдығын бағалауға мүмкіндік береді. Тұрақты бас ауыруының себебі мен омыртқа артерияларының жағдайын анықтауға көмектеседі. Зерттеуді «САНА» МО невропатологы Юсупжанова Лунара Кабылкановна заманауи СОНОМЕД 300М аппаратында жүргізеді.

