Офтальмология

Офтальмология
Клиника бағыты

Көру мүшесінің физиологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін зерттеп, көз және оның қосалқыларының (қабақ, жас ағзалары, шырышты қабық) ауруларын емдейтін медицина саласы. Балалар офтальмологиясы балалардың көру ерекшеліктерін зерттейді. Ересектерден айырмашылығы, баланың көру жүйесі үнемі дамиды, сондықтан жеке бағытты қажет етеді.

Рефрактометрия

БҰЛ НЕ Заманауи арнайы жабдық арқылы көз рефракциясын объективті өлшеу. Әдіс көз алмасының оптикалық жүйесінің бойлық ось бойынша сындыру күшін зерттеуге негізделген. Рефракцияны зерттеу үшін компьютерлендірілген жабдық қолданылады. Рәсім қауіпсіз, ауыртпайды, жайсыздық туғызбайды және 2–3 минуттан аспайды.

ОФТАЛЬМОЛОГИЯДА РЕФРАКТОМЕТРИЯ МЫНА МАҚСАТТАРДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ: Көздің қалыпты рефракциясын (эмметропияны) растау Клиникалық рефракция патологияларын анықтау (гиперметропия, астигматизм, миопия) Көру мүшесінің аккомодациялық қабілетінің жасқа байланысты өзгерістерін диагностикалау.

Бағаларды қарау
Жазылу және кеңес алу+7 (707) 748-68-68+7 (707) 748-68-68

Осы бағыттың дәрігерлері